Әлеумет

Атырауда ер адам әйелін пышақтап тастаған

Қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Атырауда ер адам отбасылық жанжал кезінде әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

16 наурыз күні шамамен сағат 03:30-да полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйелдің қаза тапқаны туралы хабарлама түскен.

Аталған факт бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.