дүйсенбі, 16 наурыз, 2026 12:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Рахат Тұрлыханов тағы дауға ілікті: отбасылық жанжалға байланысты полицияға жеткізілген

Рахат Тұрлыханов тағы дауға ілікті: отбасылық жанжалға байланысты полицияға жеткізілген
фото: скрин
Әншінің әйеліне күш қолданды деген күдікпен полицияға жеткізілгенін растады.

 Рахат Тұрлыханов тағы да отбасылық жанжалға байланысты полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Politico.kz.сайтына сілтеме жасап. 
Бұған дейін БАҚ-та 15 наурыз күні Рахат Тұрлыхановтың әйелін ұрды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Оқиғадан кейін ол Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілгені хабарланған.

Алматы қалалық полиция департаменті редакцияның сауалына жауап беріп, әншінің әйеліне күш қолданды деген күдікпен полицияға жеткізілгенін растады.

«Алматы қаласының Медеу ауданында болған отбасылық жанжал бойынша түскен шақыртуға полиция қызметкерлері барып, оқиғаға қатысушыларды аудандық полиция басқармасына жеткізді», — деп хабарлады полиция.

Ведомство мәліметінше, тексеру барысында әйел бастапқыда өзіне күш қолданылғанын айтқан, алайда кейіннен соққы фактісін жоққа шығарып, тек отбасылық жанжал болғаны туралы арыз жазған.

Тексеру нәтижесінде ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі («Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер») бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар