Әлеумет

Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы туралы жаңа мәлімет белгілі болды

Ол қазір медициналық мекемеде жатыр.

Атырау облысында бір отбасының қаза табуына байланысты резонанс тудырған қылмыстық іс қоғам назарында әлі де қызу талқыланып жатыр. Осы іске күдіктілердің бірі Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы туралы жаңа мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Tengrinews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін күдіктілер Сұлтан Сәрсемалиев пен оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева Индонезиядан Қазақстанға жеткізілгені хабарланған еді. Кейінірек БАҚ-та Сұлтан Сәрсемалиев әйелінің ағасы мен әпкесі – Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіргенін мойындағаны туралы ақпарат тарады. Ол олардың мәйітін бұрын өзі жалға алып тұрған Геолог шағын ауданындағы үйдің ауласына көмгенін айтқан.

Марқұмдардың туыстарының айтуынша, қазіргі уақытта Ақбаян Мұқанғалиева Атырау қаласында медициналық мекемеде жатыр.

Осы жағдайға байланысты журналистер Атырау облысы Полиция департаментіне ресми сауал жолдағанымен, әзірге нақты жауап алынбаған. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігіне және өңірлік Денсаулық сақтау басқармасына да сұрау жіберілген.

Алайда облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселеге қатысты полицияға жүгінуді ұсынған.