Кувейттің Al Jarida газеті Иранның жаңа тағайындалған Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи жараланып, ем алу үшін Мәскеуге жеткізілгенін жазды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Politico.kz. сайтына сілтеме жасап.
Басылымның жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасауынша, Хаменеи АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарының алғашқы күндерінде жарақат алған. Осыдан кейін ол құпия рейспен Ресей астанасына жеткізілген болуы мүмкін.
Ақпаратқа сәйкес, Ресей президенті Владимир Путин өткен аптада Иран президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлескен кезде Моджтаба Хаменеиді Мәскеуге емделуге жіберуді өзі ұсынған.
Жарияланған мәліметтерде Мәскеуде Хаменеиге операция жасалып, оның қазіргі уақытта Путин резиденцияларының біріне қарасты медициналық мекемеде ем алып жатқаны айтылған. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрлігі Моджтаба Хаменеи жарақат алғанын растағанымен, саясаткердің жағдайы тұрақты екенін және алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






