жексенбі, 15 наурыз, 2026 22:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сайлау уческелерінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ

Сайлау уческелерінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ
Орталық коммуникациялар қызметі
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді.

Еліміздегі референдум учаскелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелмеді. Бұл туралы Референдум – 2026 онлайн-марафоны аясында Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ.сайтына сілтеме жасап

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері республикалық референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етіп, сайлау комиссиялары мен байқаушылардың жұмысына және азаматтардың еркін дауыс беруіне қажетті барлық жағдайды жасаған.

Еліміздегі 10 мыңнан астам референдум учаскесінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері болған жоқ. Қазіргі уақытта учаскелерде дауыстарды санау жұмыстары жүріп жатыр. Жағдай тұрақты және полицияның толық бақылауында. Дауыстарды санау аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері бюллетеньдер мен хаттамаларды өңірлік комиссияларға қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етеді, – деді спикер.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар