Қасым-Жомарт Тоқаев: "Біз Иран халқына құрметпен қараймыз"
Президент журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Мемлекет басшысы Референдум учаскесінде дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстанның Иран еліне қатысты ұстанымын атады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Оның айтуынша, кез келген кикілжің бейбіт және дипломатиялық жолмен шешілуі қажет.
Сондай-ақ, ол Иран халқы туралы жылы лебіз білдірді: «Біз Иран халқына, оның мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Сондықтан өз ұстанымымыздан айныған жоқпыз, әрдайым бейбітсүйгіш ел болып қала береміз».