жексенбі, 15 наурыз, 2026 14:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Абай облысы әкімі өз таңдауын жасады

Абай облысы әкімі  өз таңдауын жасады
сурет: 018.kz
Абай облысының тұрғындары азаматтық белсенділік танытатынына сенім білдірді.

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Медициналық университет ғимаратында орналасқан №93 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Ол бұл күннің ел үшін маңызды екенін атап өтіп, Абай облысының тұрғындары азаматтық белсенділік танытатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Облыста барлығы 465 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр, оның 429-ы ашық, 36-сы жабық учаске. Дауыс беруге құқығы бар тұрғындар саны – 400 151 адам. Ашық учаскелерде мәдени іс-шаралар, жәрмеңкелер мен түрлі акциялар ұйымдастырылған.

Референдум учаскелерінде дауыс берушілерге барлық қолайлы жағдай жасалған: пандустар орнатылған, ыңғайлы дауыс беру кабиналары мен арнайы көрсеткіштер бар. Қажет болса учаскелік комиссия мүшелері азаматтарға ақпараттық көмек көрсетеді, ал денсаулығына байланысты үйде дауыс беру мүмкіндігі де қарастырылған. Өңірде 2164 мүгедектігі бар азаматтың деректері нақтыланып, олардың тіркелген учаскесі тексерілген.

Референдумды өткізуге бір облыстық, екі қалалық, 10 аудандық және 465 учаскелік комиссия жұмылдырылған, құрамында 3254 адам бар. Дайындық кезеңінде олардың барлығы арнайы оқытудан өткен. Бүгін облыста 28 инватакси жұмыс істеп, оның ішінде Семейде 21 көлік қызмет көрсетуде. Сонымен қатар 6 сурдоаудармашы және әлеуметтік қызметкерлер де тартылған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар