жексенбі, 15 наурыз, 2026 12:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қызылорда облысының әкімі референдумда дауыс берді

Қызылорда облысының әкімі референдумда дауыс берді
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев №375 референдум учаскесінде Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты республикалық референдумда дауыс берді.

Қызылорда облысында 492 524 дауыс беруші  тізімге енгізілген, 378 учаскеде 2642 комиссия мүшесі қызмет атқарады.  Қызылорда қаласында 126 учаске бар,  қалғаны аудандарда орналасқан. 
Учаскелер таңғы сағат 6.00-де ашылды. Дауыс беру таңғы сағат 7.00-ден басталып, 20.00-ге дейін жүргізіледі.
Өңірде азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді. Сондай-ақ, уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске бар.
Қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 67 инватакси, 49 учаскеде сурдоаудармашылар  ымдау тілі қызметін көрсетуде.
Айта кетейік, азаматтар өз учаскесін 4 платформа арқылы біле алады. https://referendum.orda.gov.kz сайты және арнайы телеграм боты үздіксіз жұмыс істейді. Бұл қызметтер  «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында қолжетімді.
Азаматтар сайтқа кіріп, өз учаскесін анықтайды. Референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты біледі.
Сондай-ақ 109 қызметінің диспетчерлері тұрғындар сауалдарына жауап береді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар