жексенбі, 15 наурыз, 2026 10:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов дауыс берді

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов  дауыс берді
Мәжіліс
Мәжіліс Спикері өз дауысын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 учаскесінде берді.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Мәжіліс Спикері өз дауысын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 учаскесінде берді.

– Көңіл күйім жақсы. Бүгін барлық қазақстандықтың да көңіл күйі жақсы деп ойлаймын. Себебі бүгін – маңызды күн. Қазақстан халқына жаңа Конституцияның қабылдану-қабылданбауын шешу міндеті тұр. 15 наурыз еліміздің тарихында ерекше орын алады деп сенемін. Мен өз таңдауымды жасадым. Барлық қазақстандықты сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық борышын орындауға шақырамын, – деді Ерлан Қошанов журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар