жексенбі, 15 наурыз, 2026 9:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр.

Әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр.
Шетелдегі дауыс беретін қазақстандықтардың жалпы саны 14 380 адамды құрады.

 

Әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне орай және азаматтарымыз санының төмен болуына байланысты, 10 елдегі 11 учаске ашылмайды (Иран, Израиль, Иордания, Қатар, БАӘ (2 учаске), Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия).

Шетелдегі дауыс беретін қазақстандықтардың жалпы саны 14 380 адамды құрады.

Референдум учаскелерінде дауыс беру Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-де Токио және Сеул қалаларында басталды. Сағат 08:00-ге дейін жалпы 23 референдум учаскесі ашылып, оларға келіп дауыс бергендер саны 198 адамды құрады.

Ең соңғы ашылып, жабылатын референдум учаскесі АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан. Бұл учаске Астана уақытымен бүгін сағат 19:00-де ашылады және 16 наурызда сағат 08:00-де жабылатын болады.

Дауыс бергендердің саны бойынша ақпарат түске дейін әр 2 сағат сайын, ал түстен кейін әр сағат сайын жаңартылып тұрады.

Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр.

Жапония мен Оңтүстік Кореядан кейін Қытай, Сингапур, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам мен Индонезияда учаскелер ашылды.

Дауыс беру процесі Ресей, Үндістан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстанда да белсенді жүріп жатыр.

Еуропа елдерінде жақын арада учаскелер өз жұмысын бастайды.

Ресейдегі ҚР азаматтары бүгін елдің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумда дауыс береді. Мәскеуде Қазақстан елшілігінің жанындағы учаскесі ашыл

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар