Саясат

Сенат Төрағасы дауыс берді

Палата Спикері өз таңдауын Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан дауыс беру учаскесінде жасады.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияға байланысты республикалық референдумда дауыс берді. Палата Спикері өз таңдауын Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан дауыс беру учаскесінде жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Мәулен Әшімбаев республикалық референдумның тарихи мәніне тоқталып, әр дауыстың маңызды екенін және ол жоғары азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі саналатынын атап өтті.