Астаналық Әсемай Ринатқызы алғаш рет дауыс берді
Астана қаласының тұрғыны, 18 жастағы Ринатқызы Әсемай №380 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс беріп, өзінің азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды Oimaq.kz
Жас сайлаушы үшін бұл күн ерекше әрі жауапты сәт болды. Ол ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға алғаш рет қатысып отырғанын айтып, өз үлесін қосқанына қуанышты екенін жеткізді.
«Бұл – менің алғаш рет дауыс беруім. Еліміздің болашағына бейжай қарамай, өз таңдауымды жасау маңызды деп ойлаймын. Әр азамат өз пікірін білдіріп, ел дамуына үлес қосуы керек», – деді Әсемай Ринатқызы.
Оның айтуынша, жастардың белсенділігі қоғамның дамуына оң әсер етеді.