сенбі, 14 наурыз, 2026 19:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Әрдайым өмірлері ӘН болсын": Тамара Асар қуанышты жаңалығын бөлісті

"Әрдайым өмірлері ӘН болсын": Тамара Асар қуанышты жаңалығын бөлісті
ашық дереккөз
Бұл қуаныш Рамазан айы мен Амал мерекесі қарсаңында болғанын айтады.

Әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікпен қуанышты жаңалығын бөлісіп, сүйінші сұрады, деп хабарлайды Sn.kz.

Өнер иесінің айтуынша, әкесінің шаңырағында көптен күткен сәби дүниеге келген. Бұл қуанышты оқиға қасиетті Рамазан айы мен Амал мерекесі қарсаңында болған.

"Сүйінші, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!!! Амал-наурызда, әкемнің шаңырағы қасиетті ораза айында олжалы! Құтты үйдің қуанышы қосынан келіп, жеті жылдан бері күткен сәби өмірге келді. Мен кіндік шешесімін. Бұл сәбиді мойыныма бұршақ салғандай болып ерекше тілеп, ерекше күттім. Қолды Құдай құр қайтармады, шүкір. Сіздерге де жұғысты болсын!!!", - деді ол. 

Тамара Асар жаңа туған сәбиге өзі ерекше есім қойғанын айтты.

"ӘНҰЗА деп ат қойдым. Лайым да Ініммен келінімнің “өмірлері ӘН болсын! Әндері ұзағынан болсын”-деген тілекпен. Қалнияз Әнұза Сертайқызы деген сұлу сіңлім, әрі кіндік қыжым іңгәлап баршаңызға сәлем жолдауда!!! Осыдан төрт жыл бұрын шығарған "Әлди" әнімнің басқы жағын сексенге келген анам айтып отыр. Іңгәлап жатқан Ажартайдың алғашқы дауысы. Амал құтты болсын!!! Әр шаңырақта сәбилер іңгәлай берсін!!!", - деп жазды Тамара Асар. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар