Ерлер арасындағы жеке мәнерлеп сырғанаудан жарқын жеңіске жеткен қазақстандық Михаил Шайдоров көпшілікті «Кунг-фу Панда» мультфильміндегі По пандасының образында қойған көрсетілімдік номерімен таңғалдырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ.сайтына сілтеме жасап.
Көрермендер оның өнерін өте жылы қабылдады: бүкіл бағдарлама бойы қол шапалақтау толастамады.
Алайда басты тосынсый спортшыны номерден кейін күтіп тұрды. Мұз айдыны жиегінде оны аты аңызға айналған Джеки Чан қарсы алды. Актер қолына екі ойыншық панда ұстап шыққан, қазақстандық спортшыны жеңісімен құттықтап, құшақтап, жарқын образы үшін алғыс айтқан.
Шайдоровтың өзі костюммен өнер көрсету оңай болмағанын, әсіресе ыстықта секіру қиынға түскенін мойындады. Оның айтуынша, Джеки Чанның келгенін ол аренада жүргенде ғана білген, кейін барып бірге суретке түсіп, гала-шоуды тамашалауға шақырған.
Ол: "иә, әрине" деді. Бұл керемет болды! - деп бөлісті мәнерлеп сырғанаушы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
22 ақпан – Дүниежүзілік энцефалитке қарсы күрес күні
Ұқсас жаңалықтар
Допинг дауынан кейін Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жолдады
- авторОймақ
- 21 ақпан, 2026






