Экономика

Доллар 500 теңгеге жақындады

Жексенбі таңы валюта айырбастау пункттеріндегі жаңа бағамдармен басталды.

Соңғы күндері байқалған құбылмалылық қолма-қол нарыққа да әсер етіп, сатушылар доллар құнын қайта қарап, жоғары бағытта түзетіп жатыр.

Мониторингтік порталдың дерегіне сүйенсек, қазіргі жағдай мынадай:

Алматыда айырбастау пункттері АҚШ долларын 499,5–501,8 теңге аралығында сатып жатыр. Халықтан сатып алу бағасы 496–497,5 теңге шамасында. Еуроның сату құны 584–591 теңге аралығында болса, ресейлік рубль 6,35–6,50 теңгеден ұсынылуда.

Астанада доллардың сату бағамы 496–502 теңге дәлізінде қалыптасты. Сатып алу шамамен 496 теңге. Еуро 581–591 теңге аралығында сатылуда, ал рубль 6,40–6,60 теңге деңгейінде.

Шымкентте доллар орта есеппен 499–501 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу бағасы — 496 теңге шамасында.

Айта кету керек, демалыс күндері Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда жүргізбейді. Сондықтан ресми биржалық бағам болмаған жағдайда айырбастау пункттері тәуекелді ескеріп, өз бағасын қояды. Сол себепті демалыс күндері қолма-қол валюта бағамы әдеттегіден өзгеше болуы мүмкін.