Әнші Қайрат Нұртас Олимпиада жүлдегері, марқұм Денис Теннің анасы Оксана Тенге ерекше құрмет көрсетті.
Өнер иесі спортшының анасына гүл сыйлап, алғысын білдірді.
"Михаил Шайдоров Олимпиадада алтын алып, баршамызды қуантты. Біз қазір Денис Теннің анасына келдік. Кешегі жеңістердің барлығы алдымен Денистен бастау алды ғой. Денистей ұлды туған сізге мың алғыс. Бүкіл қазақ елінің анасысыз. Сізді жақсы көреміз, аман болыңыз. Сізге көп-көп рақмет", - дейді Қайрат Нұртас.
Денис Теннің анасы Оксана Тен Қайрат Нұртасқа алғысын білдірді. Ал Қайрат Нұртас қолынан қолынан келгенше көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





