жұма, 20 ақпан, 2026 12:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда жолаушы әуе компаниясын сотқа беріп, 500 мың теңге өндіріп алды

Алматыда жолаушы әуе компаниясын сотқа беріп, 500 мың теңге өндіріп алды
Алматы соты
Ол Қызылорда – Алматы бағытындағы рейске мінгізілмей қалған.

Оқиға өткен жылдың жазында болған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.

Әйел 26 шілдеде 16 тамызға жоспарланған Қызылорда – Алматы рейсіне билет сатып алған. Белгіленген күні әуежайға уақытында келіп, тіркеуден де еш қиындықсыз өткен. Алайда ұшаққа отырғызу кезінде оған бортқа кіруге рұқсат берілмеген.

Әуе компаниясы тіркеу күші жойылғанын алға тартқан. Соның салдарынан жолаушы сатып алған билетін пайдалана алмай, Алматыға жоспарланған уақытта ұша алмаған.

Жолаушы сотқа жүгініп, билет құнын, жол шығындарын қайтаруды және моральдық зиянды өтеуді талап еткен.

Сот отырысы барысында әйелдің тіркеуден өткендігі расталды. Алайда оны ұшаққа не себепті жібермегені жөнінде әуе компаниясы нақты дәлел ұсына алмаған.

Сот шешімінде тасымалдаушы өз міндетін тиісті деңгейде орындамағаны және жолаушыға келген шығын үшін жауапты екені көрсетілген.

Нәтижесінде талап ішінара қанағаттандырылып, жолаушының пайдасына материалдық шығын, 500 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы және сот шығындары өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Астана – Алматы бағытындағы рейс төңірегінде де дау шыққан. Жолаушы рейс уақытында ұшып кеткеніне қарамастан, өзін кешіктірілген рейске ауыстырғанын мәлімдеген еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар