бейсенбі, 19 ақпан, 2026 20:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Кәмелетке толмаған баласына күш көрсеткен өгей әкеге үкім шықты

Кәмелетке толмаған баласына күш көрсеткен өгей әкеге үкім шықты
Күдікті баланың анасымен бірге тұрған.

Қостанай облысы, Рудный қалалық соты кәмелетке толмағанға қатысты күш қолдану әрекеттерін жасаған азамат Г-ға қатысты қылмыстық істі қарады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті баланың анасымен бірге тұрған. Бала 2017 жылы туған. Күдікті баланың құлағын бұрап, күш қолданған. Бұл туралы баланың туған әкесі сотқа арыз түсірген.

Сотта азамат Г. өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

Жаза тағайындау кезінде сот оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны және тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, сондай-ақ тұрғылықты жерінен теріс мінездеме алынғанын ескерді.

Сот барлық мән-жайды ескере отырып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Сонымен қатар баланың тұру және тәрбиелену жағдайларын тексеру үшін сот қорғаншылық және қамқоршылық органына жеке қаулы шығарды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар