бейсенбі, 19 ақпан, 2026 10:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мемлекетке 350 млн теңге шығын келтірген күдікті Қазақстанға қайтарылды

Мемлекетке 350 млн теңге шығын келтірген күдікті Қазақстанға қайтарылды
Видео скрин
Мұнда ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қырғызстан Қазақстанға ауыр экономикалық қылмыс жасады деген күдікке ілінген азаматты экстрадициялады.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2023 жылы іс жүзінде орындалмаған жұмыстар бойынша жалған шот-фактуралар рәсімдеу арқылы заңсыз схема ұйымдастырған. Соның салдарынан мемлекетке ірі көлемде залал келтірілген. Келтірілген шығын көлемі шамамен 350 миллион теңгені құрайды.

Қылмыс жасалғаннан кейін азамат халықаралық іздеуге жарияланған. Ол Қырғызстан аумағында ұсталып, Қазақстан тарапының сұрауы бойынша елге берілді.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заң бойынша аталған баптар негізінде оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар