Қоғам

Астанада полицейлер мұз үстіндегі балықшыны құтқарды

59 жастағы ер адам өзен үстіндегі балық аулап отырып, екі қолын ойыққа тығып алып, өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары Кенжебек Әлібаев пен Олжас Бортай оқиға орнына дереу жетіп, балықшының мұзға қысылып қалған қолын босатып алды. Кейін балықшының қан айналымын қалпына келтіру үшін алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қол-аяғын уқалап медицина қызметкерлері келгенге дейін жағдайын бақылауда ұстады.

Полицейлер қыста су айдындарында барынша сақ болу керектігін ескертті. Мұз ойықтарын бір-біріне тым жақын бұрғыламауға, шатырда жалғыз қалмауға және байланыс құралын алып жүруге шақырды.