Дәрігерге қол көтерген әйел сотталды
Жанжал дәрігер науқастарды қабылдап отырған сәтте болған. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылордада дәрігерге қол көтерген әйел сот алдында жауап берді.
Дәрігерлік амбулатория кабинетінде болған жанжал кезінде пациент кезекте тұруды талап еткен медицина қызметкерін жағасынан ұстап, жұдырықпен ұрған. Соның салдарынан дәрігердің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Іс материалдарына сәйкес, оқиға науқастарды қабылдау жүріп жатқан сәтте болған. Дәрігер тәртіп сақтауды ескерткеннен кейін, келуші әйел жанжал шығарып, күш қолданған. Істі қараған Қызылорда қаласының №2 соты айыпталушыны медицина қызметкеріне күш көрсеткені үшін кінәлі деп таныды. Сот үкімімен әйелге бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.