"Құдағиымның сұлулығына таңқалғанмын": Жазира Байырбекова әсерлі жазба қалдырды
- авторОймақ
- 11 ақпан, 2026
- 106
Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында болашақ құдағиы мен құдасына қатысты әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесі жазбасында отбасына көрсетіліп жатқан қолдау мен ізгі тілектер үшін алғысын білдіріп, алдағы болатын қуанышты сәт жайында ой бөлісті.
«Біздің отбасымызға тілекші болып жатқандарыңыз өздеріңізге де жұғысты болсын. Болашақ құдағиым Лиза Ахматованың сұлулығына осыдан 15 жыл бұрын таң қалғанмын, таң қалмайтын адам жоқ шығар. Құдам да өте сымбатты жігіт, жақында таныстық. Құдам мен құдағиым Жанболаттан 11 жас, менен 7 жас кіші. Достарымыздың інісі мен келіні.
Көпшілікті "китсіз қандай той болады?" деген сұрақ қызықтырып жатыр. Киітсіз дегеніміз – киілмейтін мата-сата. Ал басқа кәделердің бәрі, яғни қалың мал, ана сүті, алтындар, шапандар, қоржын, әрине, болады. Алла қаласа, сіздердің дұға-тілектеріңіздің арқасында бәрі жақсы өтеді. Рахмет», – деп жазды әнші.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Олимпиада күнделігі: Шайдоров әзірге 5 орында тұр
Ұқсас жаңалықтар
"Мен сені жақсы көремін": Қайрат Нұртастың әйелі әсерлі жазба жариялады
- авторОймақ
- 16 ақпан, 2026
Елена Әбдіхалықова: Димаш көкжиекке көз тігіп, әлемге қанат жайып отыр
- авторОймақ
- 16 ақпан, 2026






