бейсенбі, 5 ақпан, 2026 17:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Райымбек ауданында қыстаулардың бірінде бір отбасы ажал құшты

Райымбек ауданында қыстаулардың бірінде бір отбасы ажал құшты
qonaevtv.kz
Қайғылы жағдайға иіс тию себеп болуы мүмкін.

Райымбек ауданының Сарыбастау ауылындағы қыстаулардың бірінде бір отбасының төрт мүшесі ажал құшты. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға иіс тию себеп болуы мүмкін, бірақ бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қаза тапқандардың арасында 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылғы әйел және бір жарым жасар қыз бала бар. Отбасы қыстауда тұрған. Туыстары олармен екі күн бойы байланысқа шыға алмаған соң, үйіне барып, барлығының жансыз денесін тапқан.

Оқиға туралы аудандық полиция бөліміне хабарланды. Қазіргі уақытта мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Құзырлы органдар тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қаза тапқандардың туысы, қала тұрғыны Ерқанат Ақылдосов отбасының соңғы күндері туралы айтып берді.

«Туыстарымыз соңғы рет ауылға 30 қаңтарда келген болатын. Ол кезде көліктеріне жанармай құйып алғандарын айтқан. 31 қаңтарда біреуінің туған күні еді», – дейді ол.

Оның айтуынша, қайғылы жағдай орын алған күні үйдің жылыту жүйесінде мәселе туындаған болуы мүмкін.

«Кешкісін пеш жаққанда көмір сәл дымқыл болған көрінеді. Пеш дұрыс жанбай, соның салдарынан түтін шыққан болуы ықтимал. Денелерді тапқан туыстарымыз үйдің ішінде түтін иісі қатты шығып тұрғанын айтты», – деп хабарлады Ақылдосов.

Отбасының қаза табуының нақты себебі сараптама мен тексеру нәтижелерінен кейін белгілі болады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар