бейсенбі, 5 ақпан, 2026 15:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бас прокурордың орынбасары тағайындалды

Бас прокурордың орынбасары тағайындалды
Фото: Астана қаласының прокуратурасы
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды oimaqnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Рақымжанұлы 1976 жылы дүниеге келген, Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы облысы прокуратурасының жанындағы прокуратура, сот органдарының құқықтық статистика және ақпарат орталығының талдау жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады.

Кейіннен Қапшағай қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Алматы облысы прокуратурасының Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, Алматы табиғат қорғау прокурорының орынбасары, Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының орынбасары, Ақмола облысы Целионград, Егіндікөл аудандарының прокуроры лауазымдарын атқарды.

Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма бастығы, ҚР Бас прокуроры аппаратында Бас прокурордың аға көмекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 жылдың мамырынан бастап Астана қаласының прокуроры.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар