сәрсенбі, 4 ақпан, 2026 10:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ұлттық ұлан Cyber sarbaz  сыныбына оқушылар қабылдады

Ұлттық ұлан Cyber sarbaz  сыныбына оқушылар қабылдады
Фото: gov.kz
Ұлттық ұланның елордалық әскери бөлімі жобаны қолға алып отыр.

Жаңа сынып құрамына 23 оқушы қабылданды. Салтанатты рәсім барысында олар Ұлттық ұланның айрықша нышаны саналатын қызыл-қоңыр жолақ кеудеше, “Жас бүркіт” кеуде белгілері және арнайы куәліктермен марапатталды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz.  сайтына сілтеме жасап.

Іс-шарада сөз сөйлеген 5573 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Аслан Оразалин бастаманың маңыздылығына тоқталды:

– Жастардың ақпараттық қауіпсіздік негіздерін меңгеруі – уақыт талабы.  Cyber sarbaz  сыныбы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштікпен қатар тәртіп, жауапкершілік және заманауи білім қалыптастырады, – деді ол.

Жоба аясында оқушыларға патриоттық тәрбие берумен қатар цифрлық сауаттылықты арттыру, ақпараттық қауіпсіздік негіздерін үйрету, киберкеңістіктегі қауіп-қатерлердің алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіледі.

Айта кетейік, бұл бастама білім беру ұйымы мен әскери құрылым арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің тиімді үлгісін көрсетеді. Ұлттық ұланның елордалық әскери бөлімі қолға алған жоба патриоттық тәрбиені заман талабына сай жаңғыртып, жастардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар