Әлеуметтік желіде тараған «кредит кешіріледі» деген ақпарат – жалған
- авторОймақ
- 11 қаңтар, 2026
- 760
Ведомство таратқан ресми мәліметте жалған ақпаратқа сенбеу керектігі, тек ресми дереккөздерді пайдалану қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ азаматтарға әртүрлі делдалдарға жүгінбеуге кеңес берілді. Агенттік жалған ақпарат таратудың заң алдында жауапкершілік жүктейтінін еске салды.
"Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз. Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген", – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Қазақстанда мерзімі өткен берешекті ресми түрде реттеу тетігі жұмыс істейді. Агенттік бұл механизм бойынша ақпарат ашық әрі қолжетімді екенін жеткізді.
Осылайша, ведомство азаматтарды әлеуметтік желілердегі жалған хабарламаларға алданып қалмауға шақырды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Әлемде мұнай өндірісі баяулайды – сарапшы
Ұқсас жаңалықтар
Сенат Үкіметтің бюджет есебін тыңдайды: 2025 жылғы қаржы қалай игерілді?
- авторОймақ
- 18 маусым, 2026
Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін 1 млрд доллар қарыз алайын деп отыр
- авторОймақ
- 17 маусым, 2026






