Қоғам

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет тіркелген жоқ.

22 желтоқсанға қараған түні Алматы тұрғындары әлсіз жер сілкінісін байқады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Сейсмологтардың дерегінше, дүмпулердің сезілу күші 2 балдан аспаған. Қазақстан Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты жер сілкінісі 22 желтоқсан күні Астана уақытымен 02:16-да тіркелгенін хабарлады.

Жерасты дүмпулерінің ошағы Қытай аумағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары – 41,23 градус солтүстік ендік пен 78,87 градус шығыс бойлық. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,0, энергетикалық класы K=11,5 деп бағаланған.

Мамандардың айтуынша, Алматыда жер сілкінісі әлсіз сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет тіркелген жоқ.