жексенбі, 21 желтоқсан, 2025 20:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанның Еңбек Ері, сахна өнерінің корифейі Асанәлі Әшімов өмірден өтті

Қазақстанның Еңбек Ері, сахна өнерінің корифейі Асанәлі Әшімов өмірден өтті
Ол өнерге адалдықтың, сахнаға тазалықпен қызмет етудің, ұлт рухын қорғаудың үлгісін көрсетті.

Бүгін қазақ театр және кино өнері орны толмас ауыр қазаға ұшырады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Қазақ сахнасының абызы, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, кино және театр әртісі, режиссер, театрдың негізін қалаушы көркемдік жетекшісі, аяулы ұстаз Асанәлі Әшімұлы өмірден өтті.

Асанәлі Әшімұлы қазақ өнерінің биігін әлемге танытқан, сахна мен экранда ұлттық рухты асқақтата білген бірегей тұлға еді. Оның әр рөлі тарих, әр бейнесі тағдыр, әр сөзі мектеп болды. Ол өнерге адалдықтың, сахнаға тазалықпен қызмет етудің, ұлт рухын қорғаудың үлгісін көрсетті.

Ұстаз ретінде талай буынға бағыт-бағдар беріп, өнердің жауапкершілігін, актерлік мамандықтың қасиетін шәкірттерінің жүрегіне сіңіре білді. Театрдың іргесін қалап, шығармашылық жолын айқындап, ұлттық мәдениеттің шамшырағына айналдырды. Оның еңбегімен қазақ театры мен киносы жаңа белеске көтерілді.

Бүгін қазақ театр өнері қара жамылды. Сахна үнсіз қалғандай, залдың ауасы ауыр тартқандай. Бірақ Асанәлі Әшімұлының өнері, рухы, аманаты — мәңгі тірі. Ол халықтың жүрегінде, көрерменнің жадында, сахна төрінде өмір сүре береді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар