жұма, 19 желтоқсан, 2025 19:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бүгін сотта марқұмды күйеуі мас күйі ауруханаға әкелген кездегі бейнежазба көрсетілді

Бүгін сотта марқұмды күйеуі мас күйі ауруханаға әкелген кездегі бейнежазба көрсетілді
скрин
Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр.

Жетісу облысының Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Бүгінгі сотта марқұмды күйеуі мас күйі ауруханаға әкелген кездегі бейнежазба көрсетілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбада алдыңғы сотта куәгер болған, көлігімен Айзат Жұманованы және Айбар Жанболатты, оның анасы Алманы ауруханаға әкелген Нұрсұлтан Ноғайбеков көрінеді. Ол алдыңғы сотта өзі Айзатты көтеріп, ауруханаға кіргенін, арба сұрағанын айтқан болатын. Бейнежазбада арбаны тазалықшы қызметкердің бұрып қойғаны көрінеді. Бірақ арбаның аяқ қоятын жері жоқ болған соң, Нұрсұлтан көмектесіп, марқұмның аяғын көтерген. 

Бейнежазбаны қарасақ, 39-секундтан бастап Марқұмның күйеуі Айзатқа иіліп, бетіне үңіліп бірдеңе істеп жатқаны көрінеді. Алайда ол ары қарап тұрған соң нақты не істеп жатқаны түсініксіз. Алдыңғы сотта оның «қан іздерін сүртуге» тырысуы мүмкін екені айтылған. Дегенмен тазалықты қызметшінің сөзіше тез арада жансақтау бөліміне әкеткен соң күйеуі ондай іске үлгере қоймаған. 

Ал 41-секундта күйеуінің Айзаттың басын екі қолымен ұстап, маңдайынан сүйіп жатқаны көрінеді. Кейін Айбар Жанболаттың анасы Алма кіріп Айзатқа қарай бастайды. Айзатты көріп, басынан ұстап, шетте тұрған оның күйеуіне қарап сөйледі. Бейнежазбада олардың даусы естілмеді. 1 минут 20-секундта Айзатты қарап жатып, әйел кенеттен бөлмеден шығып кетті. 
Күйеуі лезде келіп оның басын ұстады. Ол сол сәтте құшақтап, әйеліне сөйлеп жатқандай көрінді. 

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушыдан: «Сотталушы мына жерде не деп айтып тұрсыз?» деп сұрады. Сотталушы «есімде жоқ» деді. 

Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиғаға дейін Айзат Жұманова мен оның күйеуі Айбар Жанболат арасында жанжал туындаған. Ерлі-зайыпты бір-бірінің ұялы телефонын сындырып, екі аптаға жуық араз болған. 22 маусым күні мас болған Айбар Жанболат әйелін соққыға жыққан. Әйел қарсылық білдіріп, әрекетін тоқтатуды сұрағанымен, ер адам ұрып-соғуын жалғастырған. Ақыры Айзат Жұманова ауыр жарақат алып, есінен танып қалған.

Кейін айыпталушы әйелін ауруханаға өзі жеткізген. Алайда Талдықорғандағы облыстық ауруханада көрсетілген медициналық көмектің өзіне қарамастан, Айзат Жұманова жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Қазіргі таңда Айбар Жанболатқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» қылмысы бойынша айып тағылған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар