жұма, 19 желтоқсан, 2025 12:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Әкесінің қасына жерленді": Мәскеу облысында көз жұмған оқушының денесі Тәжікстанда жер қойнына тапсырылды

"Әкесінің қасына жерленді": Мәскеу облысында көз жұмған оқушының денесі Тәжікстанда жер қойнына тапсырылды
Фото: t.me/ostorozhno_novosti
Мәскеу облысындағы мектепте кісі қолынан қаза тапты делінген оқушының денесі Тәжікстанға жеткізілді, ел халқы баланы ақтық сапарға шығарып салды. Марқұм оқушы әкесінің қасына жерленген.

Мәскеу облысының балалар құқықтары жөніндегі комиссары Ксения Мишонова баланың денесі Мәскеуден Тәжікстанға жеткізілгенін хабарлады.

"Одинцоводағы жантүршігерлік жағдайдан әлі ес жимадық. Бұл жайтты әлі ой елегінен өткізіп, қайта қарап, тағы да ащы болса да қорытынды жасау керек. Бала әкесінің қасына жерленеді. Ол жауынгер секілді көз жұмды, өлімнің көзіне тіке қарады. Жас кісі өлтірушінің сұрағына шынайы жауап беруден қорықпады.

Анамның ағасы осындай қиын кезеңде көңіл айтқан, көмектескен, қатысқан және отбасына қамқорлық жасаған баршаға алғысын жеткізуімді сұрады", - деп жазды Мишонова.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар