бейсенбі, 18 желтоқсан, 2025 15:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Көлікті Мемлекеттік Тумен безендірген жүргізушілерге жауапкершілік қарастырылмаған

Көлікті Мемлекеттік Тумен безендірген жүргізушілерге жауапкершілік қарастырылмаған
Фото: gov.kz
Олар жол жүру ережесін бұзған жағдайда ғана жауапты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай бірқатар жүргізуші көліктерін Мемлекеттік Тумен безендіріп, жолға шығып, өздерінің азаматтық ұстанымы мен патриоттық сезімдерін көрсетті. Осы мәселеге  қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.

– Құқықтық тұрғыдан Мемлекеттік Туды көлікке орналастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылмаған, бірақ қауіпсіздік талаптары мен Жол жүрісі қағидаларын сақтау міндетті. Бірақ кейбір азаматтар мерекелік шаралар барысында жол қозғалысы ережелерін бұзып, басқа қатысушыларға кедергі жасап, көшелерді жауып тастады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері заңға сәйкес шаралар қабылдауға мәжбүр болды.

Мысалы, 16 желтоқсанда Шымкент және Алматы қалаларында полиция қызметкерлері көліктерге ту ілген, алайда жол ережелерін бұзған бірнеше көлікті тоқтатты. Тексеру нәтижесінде жүргізушілер көлікті басқару құқығынсыз жүргізгені, апаттық жағдай туғызғаны және көлікті заңсыз жабдықтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл шаралардың Мемлекеттік Туды пайдалануға қатысы жоқ.

Сонымен қатар Алматы қаласында полиция қызметкерлері шарлармен безендірілген қоғамдық көліктің жүргізушісі мен жолаушыларына олардың адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін түсіндірді. Сондай-ақ көлікті заңсыз тоқтатуға байланысты деректер тексерілуде. Кінәлі полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Полиция мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайды және азаматтарды Жол қозғалысы ережелерін сақтауға, тек ресми мәліметтер мен ақпарат көздеріне сенуге шақырады, — деді ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар