Әлеумет

Тараз университетіне айыппұл салынды

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Тараздағы университетке мемлекеттік органның хабарламасынсыз құрылыс салғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты «Міндетті хабарламаны жібермеу» бабы бойынша "Т" университетіне қатысты істі қарады.

Істі қарау үшін тексеру материалдары негіз болды, оның барысында университет құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын хабардар етпей, қолданыстағы ғимаратқа екі қабатты жапсаржай салғаны анықталды.

Сотта университет өкілі аталған фактілерді растап, кінәсін мойындады.

Құқық бұзушылықтың сипатын, мүліктік жағдайын және жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот айыппұл сомасын 30%-ға азайтты.

Сот қаулысымен мекеме ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 68 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.