Руханият

Жұлдызай тұсауын Салтанат Байқошқарова кескенін айтты

Актриса «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында ел білмейтін сырын айтты.

Белгілі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында ел білмейтін сырын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 12 жыл бұрын танымал дәрігер Салтанат Байқошқарова «тұрмысқа шықсын» деген ниетпен ақ жол төсеп, алғаш рет тұсауын кескен.

Сол тойда Салтанат Байқошқарова ырымдап кесуіміз керек деді. Баланың тұсауын кескенде ақ жолға ырымдайды екен. Кейін мамасы екеуі мені екі жағымнан жетектеп,  келесі жылға дейін тұрмысқа шықпасаң маған кел деді.

Сенесіздер ме?! 2014 жылы тура бір жыл өткенде тұрмысқа шығып кеттім.

Осы ырымды көріп алғаннан кейін қасымда жүрген құрбыма да істедім.

Салтанат апайымның ақ жолы 12 метр еді. Сондықтан 1 жыл күттім деп ойлаймын. Құрбыма 3 метр ақ жол төсеп, ары кетсе 3 айдан кейін тұрмыс құрасын деп айта салғанмын. Кейін шынымен үш айдан кейін күйеуге тиіп кетті. Адам өзі сену керек екен», - дейді өнер иесі.