Спорт

Серік Теміржанов ширек финалға жолдама алды

Ол екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

Серік Теміржанов IBA ұйымдастырып жатқан әлем біріншілігінде ширек финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан боксшысы 60 келі салмақта сынға түсті. Ол 1/8 финалда Замбия өкілі Эндрю Чилатамен жұдырықтасып, сенімді түрде жеңді. 

Серік Теміржанов екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

Еске сала кетейік, IBA ұйымдастырып жатқан әлем біріншілігінде Нұрлан Сапарбай ширек финалға шықты.