Руханият

Иманбек Зейкенов "Құрмет" орденінің иегері атанды

Аида Балаева марапат иелерін құттықтап, ел мәдениетіне және қоғамға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Қазақстанның тұңғыш «Грэмми» жүлдегері Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденінің иегері атанды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Министрдің айтуынша, «Құрмет» ордені Конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы жанындағы Съез бастамаларын жүзеге асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова мен музыкант Иманбек Зейкеновке тапсырылған.

Сонымен қатар Еркебұлан Тоқтарға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Аида Балаева марапат иелерін құттықтап, ел мәдениетіне және қоғамға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.