Автолизингтің артықшылықтарын комитет төрағасы айтып берді
- авторОймақ
- 2 желтоқсан, 2025
- 463
Оның айтуынша, автолизингтің автонесиеден басты айырмашылығы – көлік қарыз толық өтелгенше лизинг компаниясының меншігінде қалады. Бұл лизинг алушыға қажет болған жағдайда көлікті компания арқылы кез келген уақытта ауыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар лизинг туралы мәліметтер азаматтың несие тарихына әсер етпейді.
«ForteLeasing» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Саят Үрпежанов автолизинг бойынша алғашқы пилоттық жоба іске асқанын хабарлады. Жоба Allur Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асқан. Шарттары: 10% бастапқы жарна, 15% мөлшерлеме және үш жылдық мерзім. Үрпежановтың айтуынша, бұл талаптар заңды тұлғаларға арналған лизинг шарттарына ұқсас. Халықаралық тәжірибеде мүлде бастапқы жарнасыз лизинг беру де кездеседі. Компания ұсыныстар жинап, Үкіметпен және қауымдастықпен бірге жобаны жетілдіруді жоспарлап отыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Сенат Үкіметтің бюджет есебін тыңдайды: 2025 жылғы қаржы қалай игерілді?
- авторОймақ
- 18 маусым, 2026
Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін 1 млрд доллар қарыз алайын деп отыр
- авторОймақ
- 17 маусым, 2026






