"Ол мен үшін ең жақсы әке": Тұрсынбек Қабатовтың қызы әкесі туралы пікір қалдырды
- авторОймақ
- Бүгін, 12:03
- 28
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың үшінші қызы Айару әкесімен қазіргі қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазіргі болып жатқан жағдайларға қарамастан, Тұрсынбек Қабатов ол үшін ең жақсы әке болып қала бермек.
«Қазір бәрі оның қандай жаман адам екенін айта бастайды. Бірақ ол мен үшін әрқашан ең жақсы әке болып қалады. Мен оны бұл өмірде бәрінен қатты жақсы көремін және ерекше бағалаймын. Күйеу ретіндегі рөлінде, мүмкін, өзін жақсы көрсете алмаған шығар. Бірақ әке ретіндегі рөлінде ол нағыз «әке» атағына лайық. Өйткені осы жылдар бойы өз махаббатын үнемі көрсетіп келеді. Қазір арамыз жақсы, бәрін ашық сөйлестік. Адамдардың оны жамандап жазған сөздерін оқу маған өте ауыр. Себебі саған жақын адамды ренжіткенде, шынымен де жаның ауырады және бар күшіңмен қорғағың келеді. Бірақ менің қорғанысымды ешкім байқамайды», - деп жазды Айару Тұрсынбекқызы.
Еске сала кетейік, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, 14 жыл бұрын әзілкештің екінші әйелі пайда болған.
Продюсердің сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовты сынап, оған бойкот жариялауға шақырып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





