Саясат

Президент жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Вашингтон қаласына барды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Мемлекет басшысын әуежайда АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды. Сапар аясында Президент ертең АҚШ Президенті Дональд Трамппен екіжақты келіссөздер жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» форматындағы саммитке қатысады.

Вашингтонға келген сәтінде Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та білім алып жүрген қазақ студенттері жылы қарсы алды. Президент жастармен қысқаша әңгімелесіп, олардың оқу мен өмір жолындағы жетістіктеріне сәттілік тіледі.