Руханият

"Пәтерін заңсыз түнде тартып алған": Индира Елемес Президентке бейнеүндеу жариялады

Өз қаражатына сатып алған көлігіне дейін сатып жіберген.

Танымал әнші Индира Елемес әлеуметтік желіде Президентке, депутаттарға және қоғам белсенділеріне бейнеүндеу жариялады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, өз қаражатына сатып алған үш пәтерін  заңсыз түрде тартып алып, көлігіне дейін сатып жіберген. 

Бұл мәміле оның бұрынғы күйеуі, қазір тергеу изоляторында отырған Иманмади Қалелханның атынан жасалған.

Сонымен қатар  ол бұрынғы жұбайының түрмеден әлеуметтік желілерге кіріп, өзіне жала жауып, туыстарына қоқан-лоқы жасап отырғанын да айтты. Әншінің сөзінше, ол бұл жағдайға байланысты полицияға бірнеше рет шағымданғанымен, іс қозғалған жоқ.