Абай облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
бай облысындағы тасжолда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының учаскесінде болған.
Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуының абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.