Әлеумет

Атырауда әкімдік қызметкері өзін атып өлтірді

Өңірлік полиция департаменті бұл оқиғаның болғанын растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 36 жастағы Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Имашев Қуаныш Мұсаұлы отбасылық жанжалдан кейін аңшы мылтығымен өзін атып өлтірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы оқиға 30-ынан 31 қазанға қараған түні Құрманғазы ауданында болған.

Өңірлік полиция департаменті бұл оқиғаның болғанын растады. Аталған дерек бойынша «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.