Айдос Сұлтанғали жартылай финалға өтті
Жартылай финалда Амиран Чавадземен (Грузия) белдеседі.
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем біріншілігінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Отандасымыз 60 келі салмақтың 1/4 финалында Олимпиаданың қола жүлдегері Се Ун Риден (Солтүстік Корея) басым түсті.
Енді Айдос жартылай финалда Амиран Чавадземен (Грузия) белдеседі.