Руханият

"Аппағым" әні есірткі туралы: заңгер Qarakesek-тің әндерін сахнадан алып тастауды ұсынды

Танымал заңгер Нұрсұлтан Орынбек есірткі қолданғаны үшін ұсталған Qаrakesek-ке байланысты өз көзқарасын айтты.

Заңгердің айтуынша, жастар арасында танымал әншілердің теріс қылығы қоғамға айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан ол жас буынды Qаrakesek-тің шығармашылығынан алшақ болуға шақырды.

Заңгердің сынынан кейін мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов та пікір білдірді. Ол жастар арасында есірткіні романтизациялау жағдайлары кездесетінін жасырмады.

Қоғамда Qаrakesek-тің шығармашылығы төңірегінде үлкен пікірталас жүріп жатыр. Бір тарап оны өнер адамы ретінде қабылдаса, екінші тарап жастарға теріс әсер ететінін айтып, сахнадан аластауды талап етуде.