Спорт

18 жастағы “Қайрат” қақпашысы “Спортинг” капитанының пенальтиін қайтарды

18 жастағы “Қайрат” қақпашысы Шерхан Қалмұрза Португалиялық “Спортинг” капитаны Мортен Юльманнның пенальтиін қайтарды.

“Қайрат” сапында Отандық премьер-лигада бір апта бұрын дебют жасаған ойыншы Чемпиондар лигасында да алғаш болып алаңға шығып, командасын қауіпті сәттен құтқарды. 
Лиссабонда өткен матчта алматылық клуб 4:1 есебімен жеңіліс тапты.

Еске салсақ, Шерхан Қалмұрза Қайрат-Ақтөбе матчында “қаһарман қақпашы” атанған Темірлан Анарбековтің төменгі жағы мен ақыл тісі сынып, ауыр жарақат алғаннан кейін ойынға араласты.