Степногорск қаласында екі кішкентай бүлдіршін үстіне қайнаған сорпа төгіп алған
- авторОймақ
- Бүгін, 10:47
- 23

2020 және 2023 жылы туған екі бала қайнаған сорпаны үстіне төгіп алған. Салдарынан балалар жарақат алып, күйік шалған. Балалардың жағдайы қалалық ауруханада тұрақтандырылды. Ал Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазавиақұтқару" АҚ басқаратын тікұшақ кейін оларды Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
Степногорск қаласының полиция бөлімі балаларға қатысты оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Степногор қаласының полиция бөлімі кәмелетке толмаған екі баланың термиялық күйіктерін тіркеді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр", – делінген хабарламада.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.