Алуа әкесіне көлік сыйлады (видео)
Ол Ливерпульде өткен әлем біріншілігінде алтын медаль алды.
Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшы Алуа Балқыбекова елге оралған соң әкесіне қымбат көліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл жайлы блогер Бақытжан Ибрагим өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, "Алуа әкесіне көлік сыйлады" деп жазды.
Айта кетейік, Алуа Балқыбекова жақында Ливерпульде өткен World Boxing ұйымының алғашқы әлем чемпионатында сынға түсіп, чемпион атанған еді.
Алуа Балқыбекова – 2021 және 2022 жылдардың екі дүркін Азия чемпионы. Сондай-ақ ол әлем біріншіліктерінде бірнеше рет жүлдегер атанды: 2022 жылы – күміс, 2023 жылы – қола, ал 2025 жылы – алтын медаль иегері.