Қоғам

Астанада тірі ата-анасын "жерлеп", ақша алмақ болған ер адам ұсталды

Астанада ата-анасының қазасы туралы жалған ақпарат таратып, ақша жинаған ер адам ұсталды.

Астана қаласының полиция қызметкерлері алаяқтық әрекеттерге барған 35 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу материалдарына сәйкес, ол жұмыс орнындағы әріптестеріне бірінші әкесінің, содан соң анасының қайтыс болғанын айтып, жерлеу рәсіміне қаражат қажет деген желеумен ақша жинаған. Сенімге кіріп, адамдардың жанашырлығын пайдалану арқылы қаржы тапқан.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға өзара көмек пен жанашырлық сезімін қылмыстық мақсатта пайдалануға жол бермейтінін қатаң ескертеді. Сондай-ақ, күмәнді жағдайларда сақ болып, дереу полицияға хабарлау қажеттігін еске салады.