Астанада блогер Жанәбіловтерге қатысты сот отырысы басталды
Блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік іс қарала бастады.
Астанада блогер Жанәбіловтерге қатысты кезекті сот отырысы басталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Астанада блогер Ерболат Жанәбіловтің жұбайы, блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік іс қарала бастады.
Ол күйеуі Ерболатсыз Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған межрайондық сотына келді.
Еске салсақ, 18–21 тамыз күндері Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова 11 автокөлік ұтысқа тігілгенін жариялаған. Көпшілік тікелей эфирде жеңімпаздарды анықтайды деп күткен. Алайда оларға ұтысқа қатысу үшін 30 мың теңге төлеп, ақылы курс сатып алу қажеттігі айтылған.
Бұл жағдай әлеуметтік желілерде үлкен сынға ұшырап, азаматтар мемлекеттік органдарға шағымданды. Кейіннен Мәдениет және спорт министрлігі ресми мәлімдеме жасап, заң бойынша ұтыс ойындарын тек лицензиясы бар лотерея ұйымдастырушылары мен агенттері ғана өткізе алатынын еске салды.