Президент Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент Рим Папасы XIV Леоны 70 жасқа толуымен құттықтап, оның халықтар арасындағы татулық пен дінаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ толеранттылықты дәріптеуге сіңірген өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Киелі Тақпен ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді.