Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеп-тексеру басталды – Бас прокуратура
- авторОймақ
- 6 қыркүйек, 2025
- 87

Бас прокуратура Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
«Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Талғардағы атыс: бір адамды атып, қызын ұрлап кеткен
Ұқсас жаңалықтар
Мектеп оқушылары бар автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, екі адам қаза тапты
- авторОймақ
- 12 қыркүйек, 2025